Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
https://baq.kz/
04 сәуір 2020 ж. 492 0