Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру салаларында Парасаттылық мектептері жұмыс жасауда

Білім беру салаларында Парасаттылық мектептері жұмыс жасауда

Қазіргі уақытта қоғам маңызды жаһандық проблемаларға толы. Экономикалық, технологиялық және ғылыми прогресс өркениет құндылықтарынан рухани-адамгершілік дамуынан әлдеқайда жоғары тұрған заман. Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзат игілігіне де, оның зиянына да тап болуда.Осыған байланысты ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз білім, адамгершілік бастамасына зиян тигізуі мүмкін, пайда әкелмейді» деген ойлары санаға маңызды ой салады.
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек үкіметтің ғана емес, әркімнің міндеті болуы керек ...» деген болатын.
Бүгінде, біздің еліміз жас ұрпақ, жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Біздің Үкімет қазақстандық жастардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқаруда.
Жастар саясатының басымдықтары Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі болып табылған.
Тіпті жыл сайынғы Жолдауда жас ұрпаққа: «Егерде Сіздер жақсы оқып, білім алып, өмір бойы өзін-өзі дамытып, болашаққа деген барлық үміттерімізді ақтап, биік белестерге жетеді деген ойдамыз» деген ойда айтылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасыменІзгілікке, парасаттылыққа, тазалыққа, адалдық қағидаттарына баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатында респбулика бойынша білім беру ұйымдарында парасаттылық мектептері ашылған болатын.
2019 жылдың 29 қарашасы күні Сыр еліне іссапар барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Парасаттылық мектебінің» орталық кабинеті ашылып, жұмыс жасауда.
Осыған орай,Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Саналы ұрпақ" (ЖОО мен колледждерде) және "Адал ұрпақ" (мектептерде) клубтары ашылып, бүгінде еріктілер клубының облыс бойынша 30 мыңнан астам белсенді мүшесі бар, сондай-ақ облыстағы жалпы білім беру орта мектептерінде, мемлекеттік колледждерде және 3 жоғары оқу орындарында парасаттылық мектебі жұмыс жасауда.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының басшылығы Қызылорда қаласындағы № 3 ІТ мектебінің базасында «Адалдық сағат»интерактивті сабақтарын жүйелі түрде өткізуде.
«Адалдық сағаттары» сынып сағаттарында «Біз, қоғам мүшелері ретінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты халықтың, оның ішінде жас ұрпақтың арасында қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіспіз.
Іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақыру.
Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясының, үкіметтік емес ұйымдарының, ардагерлер алқасының және әкелер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатысуда.
Адалдық сабақтарында облыстағы жалпы 293 орта мектептің  130-ға жуығы, яғни қала және барлық аудандар аралығындағы мектептер  бейнеконференц байланыс арқылы қосылып, 6000 жуық оқушылары қатыстырылып, оқушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар берілуде.
Жастар - Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты өзгеруі.
Сондықтан, Парасаттылық мектептерінің жұмысы одан әрі жандандырылады деп сенім білдіреміз.
Мақаланы дайындаған:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы Жакудаев Нұғман Үсенұлы.
09 сәуір 2020 ж. 592 0