Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 2 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кішігірім демалыс сізге оң әсер етеді. Соңғы кездері көп ауыртпалықтар мойныңызға артылды, енді кішкене тынығу керек. Бүгін сүйікті ісіңізбен айналысып, өмірден ләззат алыңыз.

Торпақ
Бүгін өз қалауыңызға қол жеткізуге болады. Күш-жігеріңіз жеткілікті, сондықтан алға қойған мақсатыңызға қарай жүре беріңіз. Кез келген тапсырманы орындайтын қауқарыңыз бар.

Егіздер
Бұл күн махаббат пен сезімдерге толы болмақ. Қандай тақырыпқа және кіммен әңгімелессеңіз де одан жағымды әсер аласыз. Бүгін өзіңізді әлемдегі ең бақытты адам ретінде сезінесіз. Айналаңызға құрметке лайық жандарды жинаңыз.

Шаян
Бүгінгі күн сіз үшін жанға жайлы болмақ. Таңертеңнен кешке дейін күнді жайбарақат өткізесіз. Көп армандарыңыздың бірі орындалады. СПА орталыққа немесе табиғат аясына барудың жоспарлаңыз.

Арыстан
Сіз романтиканы ұнатасыз, бұл қасиетіңіз бүгін көрініс табады. Сүйіктіңізге тосынсый жасаңыз. Оған көптен бері қалап жүрген затын әперіңіз немесе романтикалық кешкі асқа шақырыңыз.

Бикеш
Бүгін сабырлы болып, барлық нәрседен үйлесімділік табасыз. Сондықтан көңіл-күйіңіз де көтеріңкі болады. Жақындарыңызға, сүйіктілеріңізге сезімдеріңізді білдіріп, ықыласыңызға бөлеңіз.

Таразы
Бүгінгі күнді рухани дамуға арнаңыз. Жаныңыз шым-шытырық оқиғаларға толы болсын десеңіз, өзіңізді шектемеңіз. Өзіңізді танып білу үшін таптырмайтын күн. Тіпті бойыңыздағы жаңа қабілеттеріңізді ашуыңыз мүмкін.

Сарышаян
Бүгін өте белсенді боласыз. Бар күшіңізді сарп етпеу үшін күннің екінші жартысында ынтаңызды біраз басқан абзал. Біраз тынығып, жаңа жобаға кірісуге болады.

Мерген
Сүйіктіңізге қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз қажет. Жан дүниеңіз алуан түрлі сезімдерге толы. Жаман сезімдерді ауыздықтап, жақсы нәрсені ойлауға тырысыңыз. Қарым-қатынасыңызды нығайтуға бар күшіңізді салыңыз.

Тауешкі
Бүгінгі күнді жақындарыңыз бен сүйіктіңізге арнаңыз. Олардың сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, оларға қамқор болыңыз. Егер біреуді ренжіткен болсаңыз, кешірім сұраңыз. Сізді міндетті түрде кешіреді.

Суқұйғыш
Адамдармен қарым-қатынас жасап, идеяларыңызбен бөлісу үшін сәтті күн. Өзіңіз үшін маңызды нәрселерді айтуға қорықпаңыз. Ұсынған жаңа жобаларыңыз басшылық пен әріптестеріңіздің көңілінен шығады. Олар бастамаңызды міндетті түрде қолдайды.

Балықтар
Бүгін адамдарға ерекше мейірімді боласыз, сондықтан оларға қуана көмектесесіз. Сүйіктіңізбен романтикалық кеш ұйымдастырып немесе табиғат аясына шығу үшін қолайлы күн. Бүгін өмірдің қаншалықты керемет екенін түсінесіз.
02 мамыр 2020 ж. 474 0