Мамандар коронавирустан қорғану үшін азық-түлікті қалай жуу керектігін айтты

Оның айтуынша, супермаркет немесе базардан алған азық-түлікті құрамында спирт бар дезинфекциялық құралдармен тазалау керек. Ал, хлор қосылған құралдармен тазалау денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
«Яғни, сіз алып келген барлық затты, қаптаманы құрамында спирт бар дезинфекциялық заттармен тазалау керек. Хлоры бар құралдарды пайдаланбаған абзал. Бұл – айтарлықтай қауіпті», – деді Поддубко.
Оның айтуынша, кез келген дезинфекциялық құралдың қолданатын орны бар. Хлор қосылған құралдар сыртқы қабатты, есіктің тұтқаларын сүртуге арналған. Оның үстіне, хлор қосылған құралды жарты сағаттан кейін сүртіп тастау керек.
Поддубко жеміс-жидек пен көкөністі ыстық сумен жуу керегін ескертті. Себебі вирус 40 градустан асқан ыстыққа шыдамайды. Ал, жуылмаған азықты тоңазытқышқа бірден салуға болмайды, себебі вирус ауаға қарағанда суық жерде ұзақ сақталады.
https://kyzylorda-news.kz/