Қазақстанда тыныштық сақтау уақыты ұзарды

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында «тыныштық режимін» сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді – жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10-ға дейін», - деді депутат Зәуреш Аманжолова аталған заң жобасы бойынша баяндамасында.