Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмаға арналған ауа райы

Жұмаға арналған ауа райы

Қазгидромет 15 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды   inform.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
15 мамыр 2020 ж. 432 0