Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚКО-ның қызметкерлері қызылордалық зейнеткерлердің үйіне барып қызмет көрсетіп жатыр

ХҚКО-ның қызметкерлері қызылордалық зейнеткерлердің үйіне барып қызмет көрсетіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезеңінде жеке басын куәландыратын құжаттарының мерзімі өткен облыстағы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып, құжаттарын рәсімдеп беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Облыста 9 мыңнан астам азаматтың куәліктері карантин уақытында мерзімі аяқталған екен. Куәлік мерзімі осы карантин уақытында аяқталған жағдайда 10 шілдеге дейін ауыстыруға мүмкіндік бар. Олардың ешқайсысына ішкі істер органдары айыппұл салмайды.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен миграция полициясы қызметкерлеріне рақмет. Ауылдардағы куәлік мерзімі өткен және кәмелет жасына келіп, жаңадан куәлік алушыларды әкімдіктермен, білім бөлімдерімен бірлесіп, арнайы кестемен рәсімдеу шаралары жүргізілетін болады. Бұл тұрғыда облыстық Қызылорда Облысының Білім Басқармасы басшысы Ақзира Қасымовамен келістік»- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.
15 мамыр 2020 ж. 490 0