Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 13 жасар қыз коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қызылордада 13 жасар қыз коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қызылорда облысында Атыраудан келген екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді. Оның 9-ы - Қызылорда қаласының, екеуі - Қазалы ауданының тұрғындары. Науқастардың ең үлкені 1951 жылғы ер адам болса, ең жасы - 2007 жылы туған қыз бала.
«Бұдан бұрын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты 7, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қауіпті топтарды скринингтеу барысында - 2, Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін 2 адамнан вирус анықталды. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 266 адам тіркелген. Оның ішінде 216 адам емделіп шықты.
21 мамыр 2020 ж. 548 0