Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында індет жұқтырғандар 115-тен асты

Қызылорда облысында індет жұқтырғандар 115-тен асты

BAQ.KZ. Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 11 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат берді.

Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді. Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 
11.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 116 адам анықталды.
https://baq.kz/


11 сәуір 2020 ж. 759 0