COVID-19: Аралдан екінші науқас анықталды

«Жаңа тіркелген «Covid-19″ вирусын жұқтырғандардың үшеуі – Шиелі, біреуі – Арал ауданында тіркеліп отыр. Барлығы алдыңғы анықталған науқас адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік бақылауға алынған азаматтар болып табылады. Қазіргі таңда барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ем алуға ауыстырылды», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 76 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 38, Сырдарияда – 7, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.