Қызылордада COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 72-ге жетті

«Облыс бойынша 72 науқас тіркелді. Жаңадан тіркелген 11 науқас Шиелі ауданынан, 6 науқас Сырдария ауданынан, 1 науқас Арал ауданынан. Анықталған науқастардың барлығы да карантиндік бақылауда болған азаматтар. Сондай-ақ, науқастармен қарым-қатынаста болған 1014 адам анықталды. Оның 456-сы жақын қарым-қатынаста, 558 -і провизорлық байланыста болған. Қазіргі таңда, жағдайлары қанағаттанарлық,емдерін алуда»,-деді Жақсылық Әбілқасымұлы .
Бұған қоса, облысымызға 1-А категориясы елдерінен келген 2 адам болса, олар үй жағдайында бақылауда. 1-Б категориясы елдерінен келген 119 адам болса, оның 3-і стационарда, 113-і үй жағдайында бақылауда.
Еске сала кетейік, 1.04.2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды.