Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Сабырлы болуға тырысыңыз. Сонда ғана қиындыққа тап болмайсыз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңызды бұзып алмаңыз. Бойыңыздағы күш-қуатыңызды тек жұмысқа жұмсаңыз.
Торпақ
Бүгінгі күн сіз үшін ауыр болмақ. Бүгін шаршайсыз. Бірақ соған қарамастан ұйықтамауға тырысыңыз. Сонымен қатар жалқаулыққа бой алдырмаңыз. Егер жұмыста белсенді болсаңыз жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
Егіздер
Сәттілік серігіңіз болады. Алға қойған мақсаттарға жетуге қолайлы күн. Жан тыныштығын қалайтын жандар бүгін тыныштықта дем алады. Осыған орай айтарлықтай табысқа кенелу мүмкін емес. 
Шаян
Бүгінгі күнді өз жоспарыңызға сәйкес өзгерте аласыз. Болашағы бар іспен айналысасыз. Сондықтан қаржылық жағдайыңыз да жақсарады. Қандай жағдайда да сіз өзіңізге ризасыз.
Арыстан
Бүгін кез-келген істі қолға алуға болады. Ол жақсы нәтиже берері анық. Бастапқыда сіздің мүмкіндігіңізге күмән келтіретіндер болады. Дегенмен қолыңыздан келетініне сендіре аласыз.
Бикеш
Жұмыста өзіңізге көп жауапкершілік алмаңыз. Әйтпесе, басшылықпен немесе тапсырыс берушілермен түсініспеушіліктер орын алады. Алайда көмек сұриаған әріптестеріңіздің қолын қайтармаңыз.
Таразы
Бүгінгі күніңіз тыныштықта өтеді. Сондай-ақ ештеңеге алаңдамайсыз. Бірақ алдағы күндерге жоспар құрғаныңыз жөн. Сол жоспар бойынша жұмыс жасап, ісіңізді жүргізіңіз.
Сарышаян
Егер маңызды шаруаларды аяқтағыңыз келсе, ешкімнен көмек алмауға тырысыңыз. Жауапкершілік жүгін өз мойныңызға алыңыз. Бірақ ескі достардың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.
Мерген
Өзіңіздің кәсібіңізде белсенділік таныта бастайсыз. Кәсіби шыңды бағындыруға күш саласыз. Алайда басшылықтың тапсырмасын уақытында орындағаныңыз жөн. Сондай-ақ сіздің еңбегіңізді өзгелердің пайдалануына жол бермеңіз. 
Тауешкі
Өз әліңізді білгеніңіз жөн. Ешкімнің көңіліне келетін сөз айтпаңыз. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысуға тырысыңыз. Адамдардың ойын біліп, пікірімен санасқаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш
Айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынасты сақтай біліңіз. Егер сізге әлдекімнің көмегі қажет болса, оны сұрауға асықпаңыз. Ол үшін қолайлы сәтті күткеніңіз жөн. Өз кәсібіңізді кеңейтуге білек сыбана кірісіңіз.
Балықтар
Бүгінгі күн қарбаласқа толы. Асығыс қабылданған шешімнің кесірінен мәселелер туындайды. Ұжым ішінде де біраз қиындықтар туындайды. Бүгінгі күнге жоспар құрып, барлығын ретімен орындаңыз.
kyzylorda-news.kz
26 мамыр 2020 ж. 481 0