Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 8969-ға жетті

Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 8969-ға жетті

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетіне шалдыққан 438 адам анықталды. Өсім 5,1% құрады, деп хабарлайды inform.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 25 мамыр күні инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары келесі өңірлерде тіркелді:
Алматы қаласында – 75 (3,4%)
Шымкент қаласында – 69 (11,3%)
Қарағанды облысында – 67 (11,3%)
Нұр-Сұлтан қаласында – 56 (3,4%)
Жамбыл облысында – 51 (17,5%)
Батыс Қазақстан облысында – 38 (9,2%)
Атырау облысында – 32 (3,6%)
Түркістан облысында – 17 (5,4%)
Алматы облысында – 12 (4,2%)
Қызылорда облысында – 8 (2,4%)
Қостанай облысында – 5 (4,1%)
Маңғыстау облысында – 5 (3,0%)
Ақтөбе облысында – 2 (0,7%)
Ақмола облысында– 1 (0,7%)
Сондай-ақ өткен тәулікте індеттен 163 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 8969, жазылғандар – 4515, кайтыс болды – 35.
26 мамыр 2020 ж. 245 0