Ғалымдар: Вирус 11 күннен кейін өледі
Kyzylorda-news.kz. Коронавирусқа шалдыққан науқастардың бойындағы вирус 11 күннен кейін жұқпалы болуын доғарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сингапурлық ғалымдар «COVID-19» дертіне шалдыққандарды зерттей келе осындай қорытындыға келіп отыр. Мамандардың айтуынша, аурудан айығып келе жатқан науқастардың сынамасы оларда әлі де вирустың бар екенін көрсетуі мүмкін. Бірақ 11 күннен кейін ол қауіпсіз болмақ. Ал коронавирус тесті вирус геномының бір бөлігін ғана тапқанымен, оның өміршеңдігі мен өзге адамға жұқпалылығын анықтай алмайды дейді мамандар. Дегенмен, Сингапур Денсаулық сақтау министрлігі бұл тұжырымдаманы әзірге негізге алып отырған жоқ. Қазір бұл елде науқастың коронавирусқа тесті 2 рет теріс болса ғана ауруханадан шығарылады.