Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Сабырлы болыңыз. Сонда ғана біраз жұмысыңыз алға басады. Күйгелектік абырой әкелмейтінін ұққаныңыз жөн.
Торпақ
Бүгінгі күн алдағы уақытқа жоспар құратын уақыт. Жан-жағыңызды ретке келтіріп, ыңғайлы уақытта болашаққа жоспар құрыңыз.
Егіздер
Маңызды шаруаларды бітіруге қолайлы күн. Барлық шаруаны тез шеше аласыз. Сонымен қатар жеке қарым-қатынастарды оңай реттей аласыз.
Шаян
Жаңа бастамаларды қолға алатын күн. Сіз бір демде табысқа жете аласыз. Осыдан кейін өзіңізге деген сенімділігіңіз арта түседі.
Арыстан
Бүгінгі күн айтарлықтай өзгерістер алып келеді. Жоспарды нақтылап алғаныңыз жөн. Әйтпесе, кей кездері қателік жіберіп алуыңыз мүмкін.
Бикеш
Сәттілік серігіңіз болады. Уақытыңызды текке кетірмей, жұмысқа ден қойғаныңыз жөн. Барлық шаруаны атқаруға шамаңыз жетеді.
Таразы
Күніңіз сәтті өтеді. Ақпарат тарату және жаңа жоба бойынша жұмыс жасай бастайсыз. Серіктестер табу оңайға түспек.
Сарышаян
Күніңіз керемет өтеді. Кейбір шаруаларыңыз жүзеге аспайды. Кездесулерді де кейінге қалдырғаныңыз жөн. Бұл жақсылыққа бастайды.
Мерген
Сақ болыңыз. Өміріңізді түбегейлі өзгертемін деп әуреге түспеңіз. Әйтпесе опық жеп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан бұрынғы қалыпты сақтай біліңіз.
Тауешкі
Жаңа жобалар бойынша жұмыс жасайсыз. Ойға тың идеялар келіп, өз ойыңызды іске асыра бастайсыз. Өзгелердің де тәжірибесін қолданыңыз.
Суқұйғыш
Жаңа іс бастауға қолайлы күн. Қолға алған істе тез аяқтайсыз. Сондай-ақ ешқандай қателік жібермейсіз. Ішкі түйсікке көп мән беріңіз.
Балықтар
Қызықты іскерлік байланыс орнатасыз. Біраз жоспар құрып, онымен қалай жұмыс жасау қажет екенін, алдағы жұмыс кестесін ретке келтіресіз.
kyzylorda-news.kz
28 мамыр 2020 ж. 432 0