Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Эмоцияны іште сақтау қиын, дегенмен ұстамды болуға тура келеді. Салқынқандылық таныта отырып, көздеген мақсатқа жетуге болады. Жолдағы кедергілерді де эмоцияны жасыра отырып жоясыз.

Торпақ
Жаңа таныстықтан қашпаңыз. Жаңа танысқан адамдарды бір көрген ғашық етесіз. Ол адамға жақсы ой қалдырасыз. Әрі қарай қарым-қатынас орнату тек сіздің қолыңызда. Бүгін жұмысқа қатысты шешім шығармаңыз.

Егіздер
Бүгін демалыңыз. Барлық шаруаны кейінге ысырып қойыңыз. Біраз уақыттан соң қызықты іспен айналысатын боласыз. Сондықтан барлық күш-жігеріңізді сол шаруаға арнағаныңыз жөн.

Шаян
Бүгінгі күнді отбасыңызға арнаңыз. Ата-анаңыздың жанында болып, үлкендермен әңгімелесіңіз. Сонымен қатар бүгін жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін. Себебі жаңа тапсырмалар аласыз.

Арыстан
Сөйлеген сөзіңізге, іс-әрекетіңізге абай болыңыз. Ойланбай айтылған сөз өзгелердің жанына батуы мүмкін. Маңызды мәселелерді шешу мүмкін емес. Сондықтан оларды кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Бикеш
Уайымға салынбаңыз. Барлығы жақсы деп айту қиын, дегенмен бұлт артынан күн шығатынын естен шығармаңыз. Таңертеңнен бастап қиын шаруаны қолға алғаныңыз жөн. Кешке дейін бір нәтиже шығара аласыз.

Таразы
Өзіңізге таныс мәселелерді шешуге, маңызды сұрақтарға жауап табатын күн. Көп жоспарларыңызды жүзеге асыра аласыз. Себебі тура жолды тауып, барлығын ақылға салып, оң шешім шығарасыз.
Сарышаян
Жаңа идеялар пайда болып, тапсырмалар аласыз. Жұмысыңыз алға басады. Күніңіз іскерлік байланыспен басталады. Жаңа белестерге қарай жол тартасыз. Сонымен қатар ескі жобаларды да іске асыруға мүмкіндік бар.

Мерген
Салқынқандылық танытсаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Өзгелердің еркелігін көтеретін жағдайда емессіз. Өз жоспарларыңызды тиянақтап алыңыз, сонда ғана жұмысыңыз алға басады.

Тауешкі
Өте керемет күн. Жұмыста мол табысқа кенелесіз, сондай-ақ айтарлықтай жетістікке жетесіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, басшылықтан қызметіңізді өсіруді сұраңыз.

Суқұйғыш
Таң атысымен біраз жоспар құрасыз. Алайда олардың барлығы өзгеріп кетуі мүмкін. Бірақ бұл сіздің пайдаңызға шешіледі. Себебі барлық ойыңыз жүзеге асып, жұмысыңыз нәтижелі болады.

Балықтар
Қиын жұмыстарды өз жауапкершілігіңізге алудан қорықпаңыз. Керісінше, алдыңызға мақсат қойып, оған жетуге талпыныңыз. Арманыңызға жетуге мүмкіндік көп. Оларды өз уысыңыздан шығарып алмаңыз.

Аударған Динара МАХАНОВА
11 қаңтар 2020 ж. 752 0