Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін тек өзіңіздің ғана емес, сондай-ақ өзгелердің де мәселесін шешуге тырысасыз. Сонымен қатар аздаған қиындықтарға тап боласыз. Бірақ сіз бұл қиындықтардан еш қорықпайсыз. Өмірден жиған тәжірибеңіз қиын жағдайдан шығуға көмектеседі.

Торпақ
Бүгін түрлі тақырыпта сөз қозғауға қолайлы күн. Сондай-ақ қызықты кездесулер болып, ерекше таныстықтар орын алады. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысып, олардың ойын айтқызбай ұғасыз. Сіз бүгін көп адамға көмектесесіз.

Егіздер
Түске дейінгі уақыт сәтті болмақ. Сондықтан ойға алған шаруаларыңызды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ көпшілікпен бірге жұмыс жасауға да ыңғайлы сәт. Барлық істі тез арада орындауға тырысыңыз.

Шаян
Егер жалқаулық танытпасаңыз, барлығы ойдағыдай жүзеге асып, күніңіз сәтті өтеді. Жұмыста көп кедергіге кездесуіңіздің бірақ себебі бар: ол әріптестеріңізден көп көмек күтуіңізде болып отыр.

Арыстан
Жұмысқа қатысты ұсыныстарды талқылауға және келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Мықты жұмыс берушіден ұсыныс түседі. Жұмысқа қатысты мәселенің барлығын оңай, әрі тез шеше аласыз.

Бикеш
Бүгін өзіңізге ұнайтын жұмыспен айналысқаныңыз дұрыс. Тіпті бүгін жұмыстың барлығын ысырып қойып, жай демалуға да болады. Бірақ жұмыс барысымен жол сапарға шықпағаныңыз жөн.

Таразы
Бүгін барлық ісіңіз сәтті болады. Сонымен қатар бүгін пайдалы таныстықтар орын алып, болашағы зор ұсыныстар түсуі мүмкін. Түске дейінгі уақытыңыз сәтті болатындықтан, барлық шаруаны осы уақытта бітіргеніңіз жөн.

Сарышаян
Жетістікке жетудің жолын көздесеңіз, сол үшін аянбай еңбек етіңіз. Мақсатқа жету жолында нақты шешім қабылдай біліңіз. Ол үшін кейбір шаруаларды кейінге қалдыруға тура келеді.

Мерген
Бүгін жұмысқа ден қойып, тапсырмаларды орындауға тырысыңыз. Аздаған жетістікке жету сізді зор қуанышқа бөлейтін болады. Түстен кейінгі уақыт жағымды жаңалығымен қуантатын болады.

Тауешкі
Бүгін сіз өткен күндердегі өкінішті, өкпе-назды кешіріп, жақыныңыздың сізге ішкі сырын ақтаруына мүмкіндік бересіз. Маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешімге келетін боласыздар.

Суқұйғыш
Бүгін аздаған кедергілерге тап боласыз. Бірақ сіз міндетті түрде оларды жеңіп шығасыз. Бірақ нақты шешім шығару үшін көп жұмсауыңызға тура келеді. Сіздің тапқырлығыңызға таңқалмасқа амал жоқ.

Балықтар
Бүгін өз талантыңызды танытуға, шығармашылығыңызды шыңдауға көп жұмыс жасайсыз. Жаңа бастама көтеріп, қызықты идеяларды ортаға салып, талқылауға кірісесіз. Өз қалауыңызды жасаңыз.
https://syr-media.kz/news/11775-zhldyzdar-ne-deyd.html
03 қыркүйек 2019 ж. 475 0