Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық жағдай той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермей отырғанын атап өттіҚазақстанда блок бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанмен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.
Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.
"Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді", - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.
Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырда аяқталды. Бірінші маусымнан бастап өңірлер арасындағы блок бекеттер алынып, пойыздар жолға шықты.
5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды.
sputniknews.kz
02 маусым 2020 ж. 940 0