Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Байқоңыр күллі адамзат игілігі, оның космонавтикадағы тарихи рөлі даусыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Байқоңыр күллі адамзат игілігі, оның космонавтикадағы тарихи рөлі даусыз

Байқоңыр – күллі адамзаттың игілігі, оның әлемдік космонавтикадағы тарихи рөлі даусыз. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Ғарыш саласындағы бірлескен өзара іс-қимылдар мен Байқоңыр қаласын бірлесіп дамыту ісі – Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығының айқын көрінісі. Ғарыш айлағының тіршілігі мен оның тиімді даму мәселелерін Үкіметаралық комиссия қарастырады. Әсіресе, байланыс, телевизия және ғылыми зерттеулер саласында қолданылатын азаматтық ғарыш аппараттарын құру мәселесіне басымдық беріледі. «Гагарин старты» жобасы бойынша бірлескен жұмыстар атқарылуда. Ғарышқа жол ашқан осы тарихи алаңды жаңғыртуға Қазақстан, Ресей және БАӘ инвесторлары қаражат салуға ниетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге, Президент уытты отын пайдаланатын «Протон» зымыранының орнына экологиялық таза тасымалдаушыларда аппарат ұшыруды көздейтін «Бәйтерек» кешенін еске салды.
«Екі ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру туралы Қазақстанның бастамасын ерекше атап өткім келеді. Биыл қазан айында ғарыш айлағының салынғанына 65 жыл толады. Біздің елдеріміз бұл атаулы датаны лайықты дәрежеде атап өтуі керек деп санаймын. Өйткені Байқоңыр – бүкіл адамзаттың игілігі. Оның әлемдік космонавтикадағы тарихи рөлі зор», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
kyzylorda-news.kz​​​

03 маусым 2020 ж. 529 0