Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы

Бейсенбіге арналған ауа райы

Синоптиктердің болжауынша, 4 маусым күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді деп хабарлайды baq.kz.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында желмен шаңды дауыл көтеріледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Атырау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Павлодар облыстарында, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі болжанады.
04 маусым 2020 ж. 506 0