Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WI-FI желісі қандай қауіп төндіретіні анықталды

WI-FI желісі қандай қауіп төндіретіні анықталды



Данияда WI-FI желісіне қосылу мен ұялы құрылғылардың ағзаның тірі жасушаларына ықпалы тралы зерттеу аяқталды. Зерттеуді мектеп оқушылары жүргізді, алайда оның нәтижелері белгілі биологтар мен радиологтардың назарын аударып, қызығушылықтарын арттырды, деп хабарлайды Сегодня.

Зерттеу жүргізу үшін оқушы қыздар 12 лотокқа кресс-саалаттың шамамен 400 тұқымын орналастырды. Осыдан кейін лотоктардың жартысын басқа бөлмеге апарып қойды. Тұқымдарға бірдей мөлшерде тыңайтқышар, жарық пен ылғал берілді.
Зерттеу барысында оқушылар бөлмелердің біріне WI-FI роутер қосты. Жас ғалымдар сәулелендіру түрі ұялы аппараттармен нақты сәйкес келетін құрылғыны сатып алған.

Зерттеу нәтижелері жас ғалымдарды ғана емес, олардың ұстаздары мен ғалымдарды да таң қалдырды. Небәрі 12 күн ішінде радиосәулелендіру толқындарының зияны айқын байқала бастады. Эксперимент барысында роутерге жақын орналастырылған тұқымдардың өскіндері үйдің екінші бөлмесінде өсіп шыққан өскіндермен салыстырғанда анағұрлым нашар болып шықты. WI-FI қолжетімді болып тұрған бөлмедегі өскіндердің басым бөлігі тіршілігін тоқтатып, өліп қалған.
reactor.inform.kz
08 сәуір 2018 ж. 1 238 0