Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай мамандық иелері ең аз ұйықтайды – зерттеу

Қай мамандық иелері ең аз ұйықтайды – зерттеу

Ұйқының сапасына күнделікті тағамға пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінен бастап жатын бөлмесінің жарықтандырылуына дейін көптеген факторлар ықпал етеді. Бұдан басқа, жаңа зерттеу ұйқының сапасы мен ұзақтығына адамның айналысатын кәсібі де ықпал ететінін анықтады.
Hillarys британдық үйге арналған тоқыма бренді қай мамандық иелерінің ең аз ұйықтайтынын анықтау мақсатында 5 мыңнан астам респондент қатысқан зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Harper's Bazaar.

Нәтижесінде көбіне ұйқысы қанбайтын бес мамандық өкілдері анықталды. Рейтинг басында медицина қызметкерлері көш бастап тұр – олар тәулігіне орташа есеппен 4 сағат 15 минут шамасында ғана ұйықтайды. Одан кейін орындарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері (шамамен 4 сағат 30 минут), педагогтар (4 сағат 50 минут) жайғасты. Сонымен қатар, ұйқылары қанбайтын мамандық өкілдерінің үздік бестігіне журналистер мен қызмет көрсетуші персонал да енді.
 
Өз кезегінде, визажистер мен шаштаразды қоса алғанда сән индустриясы өкілдерінің ең көп ұйықтайтыны анықталды – тәулігіне 9 сағат 40 минут. Басқаларға қарағанда ең ұзақ ұйықтау мүмкіндігі бар мамандық иелерінің бестігіне телефон сататын менеждерлер, сақтандыру саласы мен бөлшектік сауда қызметкерлері, сондай-ақ құрылысшылар енді.

Зерттеу барысында респонденттердің 89 пайызы өздерінің ұйқылары қанбайтынын атап өткен. Ұйқының сапасына кері әсер ететін ең көп таралған себепдің қатарында күйзеліс пен құрамында кофеині бар сусындарды мөлшерден тыс тұтынуды атап өткен. Бұдан басқа, зерттеуге қатысушылардың жартысынан көбі ұйқының нашар болуының негізгі себебі ретінде денсаулық жағдайы мен өздерін нашар сезіну проблемаларын атаған.
reactor.inform.kz
25 наурыз 2018 ж. 1 720 0