Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгінгі күн қызықты оқиғаларға толы болмақ. Бұл күн күтпеген жерден орын алатын жайттарымен де естен қалатын болады. Егер бірінен соң бірі орын алған жағдайларға алаңдаушылық білдіретін болсаңыз, оқиғалар шиеленісетін болады.
Торпақ
Күніңіз жаман емес. Барлық істі тез аяқтағыңыз келеді. Бірақ барлығы сіз ойлағандай бола бермейді. Жұмысыңызға өзгеріс енгізуді қаласаңыз, өзіңіздің тарапыңыздан ұсыныс жасау қажет екенін ескеріңіз.
Егіздер
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын сәтті күн. Болашағы зор жобамен айнпалысуға, сол арқылы өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Іскерлік кездесулерге барасыз, онда сізге қызықты ұсыныстар түсетін болады. Шешімді асықпай ойланыңыз.
Шаян
Күніңіз қызықты өтеді. Бір істі бастап, оны аяқтамай, келесі іске тез көшіп кетесіз. Көбіне бір істі соңына дейін жеткізе алмайсыз. Егер іскерлік келіссөздер жүргізуді жоспарлаған болсаңыз, оған ден қойып дайындалғаныңыз жөн.
Арыстан
Өз ісіңізге ұқыпты болыңыз. Жұмысыңызды, күніңізді жоспарлап үйреніңіз. Басты мақсатыңызды айқындап, оған жетудің жолын қарастырыңыз. Кез келген іске жауапкершілікпен қарау, қателіктердің алдын алуға көмектеседі.
Бикеш
Қиындықтарды бір демде жеңу оңай емес. Бірақ оған бола салыңызды суға жіберудің қажеті жоқ. Жағымсыз ойлардан арылуға тырысыңыз. Сонда ғана жолыңыз болып, сәттілік серігіңізге айналатын болады.
Таразы
Күніңіз жақсы басталады. Ешқандай жұмысты кейінге қалдырмаңыз. Таңертеңнен жұмысқа білек сыбана кіріссеңіз, түске қарай жұмыстың өнімділігін байқайтын боласыз. Мақсатқа жетудің дұрыс жолын таңдағаныңызды аңғарасыз.
Сарышаян
Кез келген істе жетістікке жету үшін табандылық танытыңыз. Онсыз  сіз ешқандай табысқа жете алмайсыз. Бүгін орын алатын жағдайлар еңсеңізді түсіруі мүмкін. Бірақ сіз еш мойымайсыз. Уайымдамаңыз, сізге көмекке келетіндер табылатын болады.
Мерген
Асықпаңыз. Бүгін қателікке бой алдыуыңыз мүмкін. сондықтан әрбір қадамыңызды аңдап басыңыз. Шешім шығармас бұрын мәселенің ақ қарасын анықтап, мол мағлұмат алуға тырысыңыз. Өзіңіз толық сенім арта алатын жанмен ақылдасыңыз.
Тауешкі
Бұл күнге маңызды істер жоспарламағаныңыз дұрыс. Өйткені барлығы сіз ойлағандай болмайды. Бастаған істі соңына дейін жеткізу қиын және көмек қолын созатын жандар да табылмайды. Серіктестермен тіл табысу да қиынға соғады.
Суқұйғыш
Мазасыз, қарбалас күн. Проблемалар мен қиындықтардың бірінен соң біріне тап боласыз. Оларды шешу, қиындықтан жол табу оңайға соқпайды. Жолыңыз болмағанымен өз жоспарларыңыздан бас тартпайсыз. Бұл дұрыс шешім.
Балықтар
Таңертеңнен жағымсыз жайтқа куә боласыз. Алайда сіз бұл мәселені тез арада шешіп, күнді жақсы өткізуге тырысасыз. Өзгелердің қолынан келмеген істі жасап, бұрын-соңды қолданылмаған тәжірибені қолданып, жұмыста жетістікке жетесіз.
kyzylorda-news.kz
09 маусым 2020 ж. 498 0