Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 3 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Маңызды сауалдарға жауап табатын, пайдалы іспен айналысатын күн. Өзгелердің ағара алмағанын, тіпті ұсақ-түйекті де байқай аласыз. Сондықтан да көбісі сізден ақыл сұрауға асығады.
Торпақ
Бүгін мәселе туындаса оны жалғыз шешуге тырыспаңыз. Қиындықты бірге жеңу оңайырақ болатынын естен шығармаңыз. Кешке көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін, бірақ жақындарыңыз сізге көмектесетін болады.
Егіздер
Жаңа бастамаларды қолға алатын күн. Өз тапсырмаларыңызды да орындап, өзгелерге де көмектесе аласыз. Сонымен қатар кейін өзіңізге жақын тұтатын жанмен танысатын боласыз.
Шаян
Қарбалас күн. Басты міндетіңіз жетістікке жетудің жолын табу. Басқа шаруаларға көңіл аударудың қажеті жоқ. Айналаңыздағы жандардың сөзіне емес, өз ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
Арыстан
Барлығы асығыс, тек сіз ғана ешқайда асықпайсыз. Әрбір қадамыңызды ойланып басасыз. Себебі сәт сайын түрлі идеялары келіп, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырасыз.
Бикеш
Күніңізді ішпыстырарлықтай етіп өткізуден сақтаныңыз. Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Қызықты ұсыныстарды өзгелерден күтіп отырғаннан гөрі, өзіңіз ұсыныс тастаңыз. Серуенге шығыңыз, қыдырыңыз.
Таразы
Көптен бері ойға алған шаруаны бітіретін кез келді. Бастапқыда барлығы қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ табандылық танытар болсаңыз, барлық жұмысты аяқтауға мүмкіндік бар.
Сарышаян
Қаражат мәселесі толғандырып жүр. Десе де, бүгін ақша көп жұмсайсыз. Шамадан тыс десек те болады. Егер барлық алынатын заттарды ақылдасар болсаңыз, саудаңыз сәтті болады.
Мерген
Айналаңыздағы жандармен келіспейсіз. Кейде бұл әрекетіңіз дұрыс болғанымен, достарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Сондай-ақ бүгін шығармашылық жоспарлар туралы ақылдасуға қолайлы күн.
Тауешкі
Егер жаңа таныстықтарды қаласаңыз үйде отырмаңыз. Қызықты кездесулерге барасыз. Айналаңыздағы адамдардың ойы сізбен сәйкес келетіні қуантады. Ұқыпты болыңыз.
Суқұйғыш
Сәтті күн. Қарсыластарыңыз өте қу болғанымен, сіз олардың алдын орап аласыз. Жаңа таныстықтар орын алып, сіз бұл кеште көпшіліктің назарына ілігесіз. Алайда сақ болыңыз.
Балықтар
Күніңіз сәтті басталады. Тез әрекет етсеңіз, барлық тапсырманы оңай орындалай аласыз. Осы орайда бұрын жинақтаған тәжірибелеріңіз көмектеседі.
03 сәуір 2020 ж. 325 0