Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Сәтті күн. Қиын тапсырмаларды орындай аласыз. Сондықтан табысты боласыз. Маңызды шаруалармен айналысыңыз, уақытты текке кетірмеңіз.
Торпақ
Бүгін жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз. Құр қол қарап отырған жарамайды. Сондықтан өзіңіз айналысатын жұмыс тауып алыңыз.
Егіздер
Жемісті күн деп айту қиын. Көптеген қиындықтарға кезігесіз. Бастаған жұмысыңызды аяқтауға кедергі келтіретін жайттар жеткілікті.
Шаян
Бүгін жұмыста бастама жасауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы күн. Жаңа серіктестер табасыз. Барлығы сізбен жұмыс жасауға құмартады.
Арыстан
Қарбалас күн болады. Бірақ шаруаларыңыз аяқталған сайын қуанатын боласыз. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысуыңыз қиындайды.
Бикеш
Бүгін пайдалы істермен айналысасыз. Көптен ойға алған шаруаны қолға алып, нәтижелі аяқтайтын боласыз. Достарыңыз қуантатын болады.
Таразы
Сақ болыңыз. Бүгін тәуекел етудің қажеті жоқ. Маңызды жұмыстармен өз-өзіңізге сеніміңіз мол болған уақытта ғана айналысқан жөн.
Сарышаян
Бүгін жақындарыңызға қонаққа барыңыз. Туыстардың арасында көңілді кеште болып, бір серпілгеніңіз жөн. Ештеңені уайымдамаңыз.
Мерген
Жемісті күн. Қызықсыз тапсырманы соңына дейін жеткізіп, маңызды жұмыстарды қолға алатын боласыз. Материалдық жағдайыңыз жақсарады.
Тауешкі
Жаңа жұмыс бастауға қолайлы күн. Сіздің жоспарларыңыз жүзеге аса бастайды. Жаңа тәжірибелер сәтті аяқталып, өз кәсібіңізді ашасыз.
Суқұйғыш
Асықпаңыз. Маңызды істі қолға алмас бұрын, ең алдымен барлығын жан-жақты ойлап, оның соңы немен аяқталарын бағдарлап алғаныңыз жөн.
Балықтар
Бүгін біраз маңызды сауалдарға жауап табасыз. Ішкі түйсік қалай әрекет ету керек екеніне жөн сілтейді. Пайдалы жаңа таныстық орын алады.
25 ақпан 2020 ж. 482 0