Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

eGov.kz порталында QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болатын қызметтер тізімі пайда болады, болашақта бұл тізім кеңейе түседі.
 Қазақстанда енді некені тіркеуге QR-код арқылы өтініш беруге болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Айтуынша, қазір техник мамандар QR-код көмегімен алуға болатын қызметтерді осы айда іске қосу үшін жұмыс істеп жатыр.
Бұл қызметтердің қатарында:
  • некені тіркеу;
  • баланың туғанын тіркеу;
  • баланы балабақша кезегіне қою;
  • заңды тұлғаны ашу;
  • салық есептілігін (250 форма) қабылдау бар.
"Осы қызметтерді компьютерде алған кезде, электронды сандық қолтаңбамен қол қою орнына, QR-кодты сканерлеп, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті алуға сұрау жіберу жеткілікті. Электронды сандық қолтаңбаны қолдану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнатудың да қажеті жоқ", - деді Жұмағалиев.
eGov.kz порталында осы қызметтерді алған кезде, азамат "QR-code арқылы қол қою" функциясын таңдайды.
Осыдан кейін eGovMobile қосымшасының көмегімен мониторда пайда болған кодты сканерлейді.
Кейбір қызметтер үшін QR-код арқылы қол қою мүмкіндігі осы айдың соңына дейін жүзеге асады.
Болашақта бұл қызметтер тізімі кеңейе түспек.
eGov mobile қосымшасын App Store және PlayMarket платформаларынан жүктеуге болады.


11 маусым 2020 ж. 544 0