Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайрат Нұртас елбасының атынан алғыс хатпен марапатталды

Қайрат Нұртас елбасының атынан алғыс хатпен марапатталды

Бұл туралы Қайрат Нұртастың өзі желіде мәлімдеді. 
"Қиындықты бірге еңсереміз! Әлемді шарпыған короновирус індетімен күресу мақсатында еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан "Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына қосқан үлесіміз бағаланып, елбасы алғыс хатымен марапатталдым!
Алғыс хатты "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ағамыз арнайы табыстады!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің қуанышымен құттықтады. 
"Құтты болсын! Жарайсың!", "Құттықтаймын, көп жасқа үлгі болдың", "Қиын сәтті жанымыздан табылайық, бір-бірімізге көмектесейік, әншілер жарады", "Карантин кезінде қайырымдылықпен жарысып, көп отабсыға көмектескен әншілер. Қайрат бәрекелді", - деп жазды желідегі оқырмандары.
https://stan.kz/


13 маусым 2020 ж. 619 0