Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байбек Nur Otan партиясы туралы: Ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет

Байбек Nur Otan партиясы туралы: Ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия «құрамын тазалау» керек деп санайды. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды

Бұл туралы сөз қозғаған Байбек Nur Otan-ның Түркістан облыстық филалының бірінші орынбасарына көптеген шағым түскенін атап өтті.
«Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені саяси кеңестің аймақтық бюросында қарап, Нұрмахан Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін. Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін, партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет», - деп жазды Бауыржан Байбек. 
Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Байбекке Nur Otan партиясын «қайта реттеуді» тапсырғаны хабарланған еді.
https://stan.kz
05 шілде 2019 ж. 791 0