Бауыржан Байбек Алматыдағы мектептің біріне соңғы қоңырауға қатысу үшін барды

Бүгін №175 мектептің аумағы әр түрлі эмоцияға толы болды.
Түлектер 11 сыныпты бітіргеніне қатты қуанып жүрді.
Баласының жаңа өмірге қадам басқанын сезініп жүрген ата-аналардың жүзінен күлкі мен уайымды байқауға болады.
Іс шараға оңтүстік астананың әкімі Бауыржан Байбек те келді.
Өзінің құттықтау сөзінде қала басшысы түлектерге толағай жетістіктер тіледі.Ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін жастарға көп оқу керектігін, жаңа білім мен мақсатқа жету қажеттігін түсіндірді.
Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек бүгінгі мереке ұстаздар үшін де маңызды екенін алға тартты.
Іс-шарада бірінші сынып оқушылары тақпақ оқыса, түлектер музыкалық нөмірлерін көрсетіп, соңғы мектеппен қоштасу вальсін биледі.
https://kaz.nur.kz