Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР

Өңірде коронавирус инфекциясының таралуы соңғы 7 күн ішінде 7 пайыздан асып, эпидемиологиялық ахуал күрделенуде. Осыған орай, індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 Қаулысы жарық көрді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
«Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған және кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалынады»,-деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
«Бүгін Қаулыға қол қойылып, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Олардың қатарында бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда:
-көпшілік іс-шараларды өткізуге;
-ұжымдық барлық жиындарды өткізуге;
-бала-бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық бала-бақшалардың жұмысына;
-жекелеген тұрғындардың құран бағыштауын қоспағанда, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар өткізуді тыйым салуды;
- шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар,кальянды пайдалануға және фут-кордтар қызметтеріне;
-оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынады»,-деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Мүтәліпқызы.
17 маусым 2020 ж. 688 0