Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

«Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңге,яғни 18 мамырдан бастап іске қосылатын орындарға қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік,авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», – деді Әлия Әбіқайымова.
Жоғарыда аталған нысандар тек шектеулі уақытта ғана қызмет ететін болады. Сондай-ақ, азық-түлік сататын дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-22.00-ге дейін ұзартылды. Ал тұрғындар қалаішілік такси қызметін 07.00-23.00-ге дейін пайдалана алады. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтап, ережеге бағынуға міндетті.
Қазіргі таңда аймақта ахуал тұрақты. Құрметті қызылордалықтар, өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыздар!