Жеке тұлғалардың акт жазбаларынан қате тапсаңыз не істеу керек?

Бұл туралы #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз;
- Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет;
- Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз;
- Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз;
- Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» батырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз;
- «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз;
- Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.
Сұрау салған қызмет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады. - kyzylorda-news.kz