Коронавирус: симптомды 10, симптомсыз 46 жағдай тіркелді

«Симптомды жаңа 10 жағдай скринингтен анықталған. Оның 4 – Сырдария, 6 – Жанакорган ауданынан. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 46 дерегі тіркелді. Кызылорда каласынан – 6, Казалы -13, Жалагаш – 8, Сырдария -12, Жанакорганнан – 7 адамдардан тиркелген. Оның 37-сi скринингтен,7 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 2 науқас қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған – 6813 азамат анықталды. Оның ішінде, 4358 – тікелей қарым-қатынаста, 2455- жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.