Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: симптомды 10, симптомсыз 37 жағдай тіркелді

Коронавирус: симптомды 10, симптомсыз 37 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз- 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді. «Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-і скринингтен болса, 1-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-і скринингтен, , 7-і ақылы сынама тапсырғаннан, 4-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6713 азамат анықталды. Оның ішінде, 4308- тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған. 
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
24 маусым 2020 ж. 354 0