Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Симптомды 7, симптомсыз 21 жағдай тіркелді

COVID-19: Симптомды 7, симптомсыз 21 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 500, ал симптомсыз- 121 азамат. Және де сауығып шыққандар саны – 391. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Соңғы тәулікте 28 дерек тіркелді. Симптомды жаңа жағдайдың алтауы емхананың скринингінен, 1-еуі індет жұқтырған азаматпен байланыста болса, ал 21-і симптомсыз, оның 17-сі қарым-қатынас арқылы, 3-еуі скринингтен, 1-еуі өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырғаннан анықталды», - деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5785 азамат анықталды. Оның ішінде, 3487-і тікелей қарым-қатынаста, 2298-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.


15 маусым 2020 ж. 534 0