Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 219. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның төртеуі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі – көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
kyzylorda-news.kz

22 мамыр 2020 ж. 583 0