Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260-қа жетті

Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260-қа жетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260 болса, сауығып шыққандар саны -216. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Жаңадан 5 дерек тіркелді. Оның екеуі – Қазалы ауданынан. Олар Атырау облысынан келген вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің арасынан анықталды. Ал үшеуі- Қызылорда қаласынан. Науқастардың барлығы індет жұқтырғандармен байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты , емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3582 азамат анықталды. Оның ішінде, 1990-ы жақын қарым-қатынаста, 1592-сі жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
20 мамыр 2020 ж. 593 0