Қызылордада коронавирус індетін тағы 7 адам жұқтырды

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3415 азамат анықталды. Оның ішінде, 1938-і жақын қарым-қатынаста, 1477-сі жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз. Сонымен қатар, сырт өңірлерден келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.