Аманжол ОҢҒАРБАЕВ: Қиын-қыстау кезеңде Сыр халқының БАҚ-қа деген сенімі еселене түсті
Бүгінгі таңда Сыр өңірі медиа кеңістігінде 101 БАҚ құралы жұмыс істейді, оның 8-і электронды, 6-уы ақпараттық агенттік, 87-і мерзімді баспасөз құралы бар. Төтенше жағдай басталған сәттен қызылордалық журналистер коронавирус індеті жайлаған кезеңде де прогресшіл қалпынан айныған жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Журналистер одағы Қызылорда филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.
«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев брифингте қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін журналистика саласында Сыр журналистеріқаламгерлері иықтаса еңбек етіп келе жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезіндегі журналистердің еңбегін ерекше бағалағанын атап өтті.
Ал, айрықша атап өтетін мәселе – өңірде жергілікті жерде дайындалған журналист мамандарын жыл сайын жұмысқа қабылдап, олардың тәжірибесін шыңдауға, елге танылуына қолдау жасалып келеді. Былайша айтқанда, Қызылорда облысы сырттан кадр іздемейді.
Брифингте Қазақстан Журналистер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А. Оңғарбаев филиалдың атқарып жатқан жұмыстарына да ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, Журналистер одағының Қызылорда облыстық филиалы жанынан бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін құруды жоспарлап отырған көрінеді.
А. Оңғарбаев мәлімдегендей, жоспарда көкейде жүрген көптеген дүниелер, жұмыс барысында басшылыққа алатын пайымдар қамтылған. Осында көтерілген мәселелер толық іске асса, ақпарат саласына өрелі өзгерістер енеді деп күтілуде. Десек те, ұлттық жоспар журналистердің әлеуметтік мәртебесі, материалдық жағдайын шешу мәселелері тұрғысынан келгенде әлі де жетілдіруді қажет етеді екен. Осыған орай, аталған Ұлттық жоспарды аймақ журналистері талқылап, нақты ұсыныстарды саралап жатқан көрінеді.
kyzylorda-news.kz
«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев брифингте қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін журналистика саласында Сыр журналистеріқаламгерлері иықтаса еңбек етіп келе жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезіндегі журналистердің еңбегін ерекше бағалағанын атап өтті.
– Рас, қызылордалық журналистер коронавирус індеті жайлаған кезеңде де прогресшіл қалпынан айныған жоқ. Жалпы пандемия басталғалы полиция, дәрігер мамандарымен қатар журналистерге де артылар жүктің салмағы артты. Яғни БАҚ қызметкерлері де алдыңғы шепте жанын салып еңбек етіп жатыр. Олар халыққа шынайы, сенімді, толыққанды ақпарат жеткізу үшін оқиға ортасына барып, тікелей байланыстарға шығып, сала мамандарынан сұқбат алуда. Өкінішке қарай, сөйтіп жүріп аты жаман ауруды жұқтырып алған әріптестеріміз де бар, – деді А. Сақыпұлы.Бүгінде Сыр өңірі медиа кеңістігінде 101 БАҚ құралы жұмыс істейді, оның 8-і электронды (тв, радио), 6-уы ақпараттық агенттік, 87-і мерзімді баспасөз құралы. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде аймақ журналистері үлкен белестен көрінгенін жеткізген А. Оңғарбаев Сыр тілшілерінің атқарған жұмыстарына ерекше тоқталды.
– «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты редакциялардың қызметкерлерінің 70-90 пайызы да қашықтан жұмыс істеуге көшті. Осынау қиын-қыстау кезеңде әріптестеріміз шұғыл ақпарат таратып, бұқараны дер кезінде соңғы мағлұматтармен құлағдар етіп отыр. Атап айтсақ, елдегі коронавируспен байланысты ахуал туралы, карантин талаптарын орындау, індеттің алдын алу, сақтану, үрейге бой алдырмау, тазалыққа шақыру, денсаулықты күту, елді бірлікке, сабырға шақыру, халықтың әлеуметтік жағдайы, пандемия кезінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар, кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар, табысынан айырылған, жұмыссыз азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға берілетін көмектер, жәрдемақылар туралы журналистер жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мәселен, «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері, қалалық, аудандық газеттер мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінде осы бағытта сұхбаттар, зерттеулер, мақалалар, репортаждар үздіксіз жарияланып келеді. Сонымен қатар, наурыз айында «Kyzylorda-news.kz» АА базасында әлемді шарпыған қауіпті індеттің Қызылорда облысындағы ахуалы туралы нақты, ресми әрі жан-жақты мағлұмат беретін «COVID – 19» атты ақпараттық-медиа блогы іске қосылды. Осы айдар ішінен Қызылорда облысындағы ахуалдың, яғни, коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың статистикасын көруге болады. Ол өңірде қауіпті індет жұқтырған әр науқас тіркелген сайын автоматты түрде жаңарып отырады. Әрі соңғы мәліметтер Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен 7 аудандағы ахуалды бөлек-бөлек көрсетіп тұрады. Бұдан бөлек, аталған айдардан індетке байланысты жаңалықтарды, сұрақ-жауаптарды, нормативтік-құқықтық актілерді оқып танысуға болады, – деді ол.Оның айтуынша, төтенше жағдай, карантин кезеңінде халықтың БАҚ-қа деген сенімі еселене түскен.
– Мәселен, «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің сайтына төтенше жағдай жарияланғанға дейін күніне 3-5 мың оқырман кірсе, одан кейін 5-10 мың адам кіретін болған. Ал Kyzyzlorda-news.kz сайтының оқырмандары 10 есе көбейді. Арнайы есептеу жүйесіндегі статистикаға сүйенсек, бұл сайтты күніне 10 мыңнан 60 мыңға дейін адам кіріп, оқиды. Бұл халықтың шынайы ақпаратты әлеуметтік желілерден емес, осы БАҚ-тан іздейтінін көрсетеді. Яғни әріптестеріміз жалған ақпараттардың жолын кесуде аянбай еңбек сіңірді.Осы орайда елді түрлі қауесеттерден, дүрлігуден сақтандырып, ел мен биліктің назарын бір арнаға тоғыстырып, алтын көпір болып отырған барша журналистерге алғыс айтқым келеді, – «Сыр медиа» ЖШС бас директоры.Сонымен қатар, А. Оңғарбаев аймақтағы ең ірі медиахолдинг «Сыр медиа» серіктестігінің атқарып жатқан жұмыстарын да баяндап берді.
– Өздеріңізге белгілі, 2010 жылы Қызылорда облысында құрылған «Сыр медиа» жауапкершілігі серіктестігіне 3 облыстық, 7 аудандық, 1 қалалық газеттің және 1 ақпарат агенттігі кіреді. Серіктестіктің дамуында оң серпін бар десек қателеспейміз. Серіктестік қызметін 85 штат бірлігімен бастаса, қазіргі күні 546 адам еңбек етеді. Негізгі құрам 270 адам. 2013 жылы редакциялар біріктірілген уақытта басшылық құрамның орта жасы 64 жас болса, бүгінгі таңда 40 жасты құрайды. Қазіргі таңда серіктестік басылымдарын өз баспаханасынан басып шығаратын және оларды облыстағы барлық елді мекенге тасымалдап, оқырмандарға өзі тарататын республикадағы жалғыз құрылым. Серіктестік газеттерінің бір мезеттегі таралымы (тиражы) 90 мыңға жуықтады (оның ішінде 3 облыстық газет 50 мың оқырманға таралады). Ең бастысы, дәстүрлі баспасөз бен жаңа медианы ұштастыра отырып, мемлекет, ел мүддесі жолында жүйелі жұмыс істеп келеді.Серіктестікке қарасты басылымдардың көркемдік, мазмұндық деңгейі артты. Контент сапасын жақсарту мақсатында түрлі жобалар, айдарлар аясында талдамалық, сараптамалық, танымдық материалдарды, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар жариялануда. Өткен жылдан бастап «Сыр медиа» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қызылорда облысында және еліміздің өзге өңірлерінде орналасқан киелі жерлерге, ескерткіштерге сапарлар ұйымдастырды. Серіктестік журналистеріне қасиетті орындардағы ұлылықты өз көзімен көріп, ұғынып, сезініп, журналистік тұрғыдан бағамдауына зор мүмкіндік берілді және сол сапарлар туралы танымдық мақалалар газеттерде жарияланды. Экспедиция қорытындысында «Сыр бойының сакралды ескерткіштері» атты 27 баспа табақтық кітап жарық көрді. Биылғы жылы да «Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық дайындалуда. Бұл ауқымды жоба. Бұл серіктестіктің ғана емес, аймақ баспасөзінің тарихын түгендеп, қаламгерлердің өмірі мен еңбегін елеп-ескеруге мүмкіндік бермек.Серіктестіктегі барлық сайттардың дизайны заманауи үлгіге бейімделіп, контенті қайталанбайтын өз өнімдерімен (репортаждар, сараптамалар, сұхбаттар, фоторепортаждар т.б.) толықтырылуда. Атап айтсақ, Кызылорда-ньюс.кз, «Сыр бойы» газетінің сайттары жаңарды. Қазіргі таңда «Кызылординские вести» газетінің сайты қайта жаңғыртылуда. Жақын күндері іске қосылады. Бір айта кетерлігі, «Kyzylorda-news.kz» қпарат агенттігінде аудиоподкаст жүйесі іске қосылды. Подкасттың басты ерекшелігі – онда материалдар дыбыстық форматта беріледі. Цифрлық технология заманында уақытты үнемдеу деген өте маңызды. Адамдар өздерінің алтын уақытын жаңалықтарды оқып отыруға бөлгілері келмейді. Сондықтан да, оларды мобильді құрылғыға жүктеп алып, кез келген ыңғайлы жерде тыңдауға болады.Аудиоподкаст жасау үшін арнайы студия жасақталды.
Облыстық қана емес, аудандық газеттердегі тілшілердің, әсіресе жас журналистердің кәсіби білімін көтеру мақсатында Алматы, Нұр-Сұлтан, Мәскеу қалаларындағы ірі медиа кәсіпорындар мен орталықтарға іссапарлар ұйымдастырып, курстарға қатыстыруды ұдайы жүзеге асырып келеміз. Бұған қоса, өткен жылы жас журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында «Сыр медиа» академиясы ашылды. Мұнда Сыр өңіріндегі және еліміздегі журналистика саласының майталмандары, белгілі блогерлер салалық тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде. Жаңа медиа тілін меңгеру, SMM жұмысын жандандыру, мультимедиалық контентті дамыту мәселесі де әрдайым басты назарымызда. Семинар-тренингтер, курстар жиі өткіздік.Сонымен қатар, өткен жылы қараша айында облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аталып өтті. Сондай-ақ 3 аудандық газеттің мерейтойлары ұйымдастырылды.«Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында жас журналистер арасында аймаққа белгілі қаламгер, журналист Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жарияланған болатын. Байқауды Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары мен «Сыр медиа» серіктестігі бірлесіп ұйымдастырды. Сол байқаудың кеше қорытындысы жарияланды. Алдағы жылы осы байқау жалғасын табады. Мұнда да мақсат – жас журналистердің шығармашылығын шыңдау, материалдық-моралдық тұрғыда демеу, – деп атап өтті ол.Брифингте А. Оңғарбаев атап өткендей, «Қызылорда», «Қоғам тв» телеарналары, «Ақмешіт ақшамы», «Әлімсақ» газет-журналдарының және «Сыр медиа» серіктестігінің, басқа да БАҚ-тың атқарып отырған жұмыстарының бәрі – Сыр журналистикасының көсегесін көгертіп, мерейін өсіруге бағытталған.
Ал, айрықша атап өтетін мәселе – өңірде жергілікті жерде дайындалған журналист мамандарын жыл сайын жұмысқа қабылдап, олардың тәжірибесін шыңдауға, елге танылуына қолдау жасалып келеді. Былайша айтқанда, Қызылорда облысы сырттан кадр іздемейді.
Брифингте Қазақстан Журналистер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А. Оңғарбаев филиалдың атқарып жатқан жұмыстарына да ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, Журналистер одағының Қызылорда облыстық филиалы жанынан бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін құруды жоспарлап отырған көрінеді.
– Кеңес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіруге атсалысады, журналистердің ақпарат алудағы тосқауылдарды болдырмау, мемлекеттік билік органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын нығайту, меншік иесіне қарамастан ақпарат алмасудағы кедергілерді жою бағытында нақты ұсынымдар енгізеді. Мемлекеттік және өзге де органдармен әрі мекемелермен қарым-қатынас барысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде этикалық нормаларды сақтауға, бұзбауға және кәсіби қағидаттарды дамыту бағытында нақты шешімдер қабылдау, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ақпараттық даулар мен өзге де талас тудырған жағдайларды дер кезінде реттеуге жәрдемдеседі. Тіпті, журналистердің әлеуметтік мәселесін шешуге ықпал етуді мақсат етеді, – деді А. Сақыпұлы.Биыл сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары» бекітілгені белгілі.
А. Оңғарбаев мәлімдегендей, жоспарда көкейде жүрген көптеген дүниелер, жұмыс барысында басшылыққа алатын пайымдар қамтылған. Осында көтерілген мәселелер толық іске асса, ақпарат саласына өрелі өзгерістер енеді деп күтілуде. Десек те, ұлттық жоспар журналистердің әлеуметтік мәртебесі, материалдық жағдайын шешу мәселелері тұрғысынан келгенде әлі де жетілдіруді қажет етеді екен. Осыған орай, аталған Ұлттық жоспарды аймақ журналистері талқылап, нақты ұсыныстарды саралап жатқан көрінеді.