Басылым жайлы ШҰҒЫЛ ақпарат
ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН ҚАУЫМ!
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді дүрліктірген коронавирус індетінен сақтану үшін еліміз бойынша төтенше жағдай жариялады. Бұл халық үшін жасалған қадам еді. Себебі, күн сайын қарқын алып, жаһанды жайлаған вирус ерте ме, кеш пе Қазақстанды да шарпитыны шындық-тұғын.
Солай болды да. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласын, одан әрі Алматы шаһарын шырмауына алған қауіпті дерт өзге аймақтармен қатар, Қызылорда облысына да салқынын тигізді. Бүгінгі таңда жұртшылықты алаңдатқан дертке тосқауыл қою мақсатында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қанша жерден қарқынды күрес жүргізгенімен, көзге көрінбейтін ауру сырбойылық жерлестерімізге де үлкен қауіп төндірді. Қамданған қапы қалмайды деп, уақытпен санаспай жұмыс жасалғанымен, инфекция таралуы бәсеңдемей, жұртшылықты әбігерге салды. Осы орайда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалының күрделіленуіне байланысты 2020 жылдың 8 сәуірінен бастап 22 сәуірге дейін карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жарияланды. Ауруды ауыздықтар күн де алыс емес екеніне еш шүбә келтірмейміз. Бұл сөзімізге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырған Ұлт Көшбасшысының және Президенттің Үндеулері мен түн ұйқысын төрт бөлген дәрігерлердің уақытпен санаспай жасаған еңбектері дәлел.
Сақтансаң сақтайды. Өміршең қағида аясында біркісідей сақтық шараларын ұстанған Арал халқына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та қанша мәрте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, індеттің таралмауы кешеге дейін қатаң бақылауда ұстады. Әлі де тапсырма қатаң, жұмыс қауырт. Бұл істің басы-қасында өзі жүріп, ел-жұрттың амандығын тіледі. Өкініштісі, төрткүл дүниені елеңдеткен дерттің белгісі ауданнан да табылып отыр. Қанша жерден күн-түн демей қарекет қылғанмен ауру айтып келмейді екен.
Қадірлі жерлестер, патша көңілді оқырмандар! Сіздерге осы жағдайды жеткізе отырып, уақытша «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты мерзімді басылымдар PDF нұсқасымен шығатынын қаперлеріңізге саламын. Атап айтсам «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы» және «Толқын» газеті ендігі жерде төтенше жағдай аяқталып, ахуал қалыпқа түскенше осы әдіспен назарларыңызға ұсынылатын болады. Орын алған жағдайды ұғынып, бізге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Қиын күндер кетер, айлар алмасар, бәрі бұрынғыдай қалыпқа түсер. Бұқаралық баспасөз құралдарын іздеп жүріп оқитын қауым қайтадан сүйікті газеттерімен қауышар. Біз қай кезде де өздеріңізбен біргеміз.Жоғарыда атап өткен газеттердің ІІ жарты жылдығына жазылу науқаны басталған уақытта осындай қиын-қыстау күн туындағаны бізді де қынжылтады. Алайда басылымға бүйрегі бұрып тұратын үлкен-кіші бұл жолы да айрықша белсенділік танытады деп білемін. Алдағы ІІ жарты жылдықта да аудан тұрғындары 90 жылдық тархы бар «Толқын» газетін қолдарына алдырып оқитындарына сенемін. Сіздердің бізге артқан сол сенімдеріңіздің үдесінен шығуға редакция қосынындағы журналистер бар күш-жігерлерін жұмсайды деп айта аламын. Отбастарыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты, күндеріңіз жарқын болсын. Біз Сіздермен біргеміз!

Абай ЕЛЕШ,
Арал аудандық «Толқын» газетінің Бас редакторы.