Арал қаласына кіре беріс жолдарға блок бекеттер қойылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты біздің облыста да қауіпсіздік шаралары күшейтілді.Қауіпті індеттің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 01.04.2020 жылды 15.00-ден бастап Арал қаласына кіретін 5 жерге тосқауыл бекеттер қойылатын болады. Осылайша өзге облыс пен аудан тұрғындары үшін Арал қаласына кіре беріс жолдар шектелетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар ауданға қарасты кент, ауылдық округтерге кіре біріс жолдар да жабылады.
Тосқауыл бекеттерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге медициналық бұйымдарды тасымалдайтын көліктер және науқастар арнайы құжаттарын ұсына отырып, тексеріліп жіберілетін болады. Қалыптасқан жағдайға барынша түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі