СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Тазалық шаралары барысында қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттардан тазаланды.
Сенбілікке қатысушылардың жұмыла атқарған жұмыстарының нәтижесінде қала іші мен шеткі аумақтардан жиналған қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен тиісті орындарға шығарылды.