Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бүгін Арал қаласында кезекті сенбілік ұйымдасқан түрде өткізілді.

Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, қалаға кіре беріс аймақтар мен көшелердегі қоқыс- қалдықтарын шығарып, ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сенбілікте темір жол вокзалы мен орталық базар аймағы, қоғамдық орындар мен жол бойындағы ретсіз тасталған күл қоқыстар тазаланды.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
30 наурыз 2019 ж. 1 430 0