Тазалықты баршаға ортақ міндет

Осы орайда, 2019 жылдың 16 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында аудан тұрғындары мен барлық мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және жастардың қатысуымен жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылады.
Жалпы аудандық сенбілікке бір кісідей жұмыла атсалысып, айналамызды таза ұстайық. Тазалық біздің өзімізден басталатындығын ұмытпайық. «Ауылы таза болмаса – азаматы сыналар» демекші, наурыз мерекесін таза мекенде қарсы алуға үлес қосуға шақырамыз.