Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА 5 МАУСЫМ - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АРАЛДА 5 МАУСЫМ - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Көпшілікке белгілі, 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Қазақстандағы экологтар күні.
Осы ретте, жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні»  Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы айтулы күнге орай бүгін Арал ауданында сенбілік шарасы ұйымдастырылып, қоршаған ортаны тазарту шарасына аудан жұртшылығы жаппай белсенділік танытты.  Соның ішінде, аудан орталығында өткен сенбілік қарқынды ұйымдастырылды. Аталған шараға Арал қаласындағы барлық білім беру ұйымдары, яғни, мектептер, колледждер мен балабақша  ұжымдары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелерден 600-ге жуық қызметкерлер ерекше атсалысты. Сенбілік барысында 3 жүк тиегіш және 3 жүк тасығыш көліктері жұмылдырылып, жалпы 42,3 тонна күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Аудан орталығында өткен сенбілік қаланың ішкі беті мен сыртын толықтай қамтыды. 
Бұл игілікті шара ауданға қарасты кент, ауылдық округтерде де жаппай ұйымдастырылған болатын.
04 маусым 2018 ж. 3 065 0