Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СИМПОЗИУМҒА ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАТЫСУДА

СИМПОЗИУМҒА ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАТЫСУДА

Симпозиум барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов, сондай-ақ, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешев сөз сөйледі. Ал, аймақ басшысы Қ.Көшербаев:
– Елбасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ел экономикасының қиын жағдайына қарамастан, Арал проблемасына қолдау көрсетті. Құрғап бара жатқан теңіздің қоршаған ортаға кері әсерін азайту және Арал теңізінің Қазақстан аумағындағы мәселелерін шешу мақсатында «Ғасыр жобасы» аталған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал бөлігін сақтау» жобасы Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен, Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асты», – деді өз сөзінде.
Ал, Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмид «Арал мəселесінде біздің ел де жауапкершілікті сезінеді. Себебі, қоршаған ортаны қорғауға бəріміз де жауаптымыз. Осыған байланысты Швейцария өзінің тəжірибесімен бөлісуге, қол ұшын созуға əрдайым дайын» десе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ тұрақты өкіл Норимаса Шимомура «Қазақстан Арал теңізін құрғауы салдарынан болатын проблемалармен күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді»,  –  деп өз ойын ортаға салды.
Иә, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «САРАТС» жобасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы аралдықтарға үлкен сый ала келді. Теңіздегі балық молайып, Аралда 8 балық өңдеу кәсіпорыны тұрақты жұмыс жасауда. ​​​​
19 ақпан 2018 ж. 1 504 0