"Арал достары" тақырыбында симпозиум өтуде

Шараға Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар ету және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтың өкілдері қатысуда.
Халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, Арал өңірінде тәуелсіздік жылдарында атқарылған ауқымды жұмыстарды айтып өтті. Соның ішінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына баса назар аудартты. Сонымен қатар, Аралды құтқаруға арналған жобаларды қолдағаны үшін халықаралық ұйымдарға, теңіз тағдырына алаңдайтын әріптестеріне алғысын білдірді.
Шара барысында меморандумдарға қол қойылып, өзара келісімдер жасалады.