Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

        Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген жобалар іске асырылуда. Осы орайда, мақаланың «Атамекен» кіші бағдарламасындағы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал ауданның жанашар азаматтарымен меморандумға қол қойылды.

Атап айтсақ, Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу жұмыстары бойынша ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Adelya Capital» ЖШС директорының орынбасары Бауыржан Бітімбаевпен және ауданға арнайы техникалар алып беру бойынша Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясының директоры Болат Бекниязбен меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу жұмыстары бойынша қала әкімі Бауыржан Махатов пен «Бөген Сервистік дайындау орталығы» ЖШС директоры Бақытбек Ерхатов, Октябрь ауылдық округі, Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша округ әкімі Нұрбек Жандәулетов пен «Арал құрылысы» ЖШС директоры Мейрамбек Құлмырзаев өзара келісім жасасты.
02 ақпан 2018 ж. 2 001 0