«BIRGE TAZA QAZAQSTAN» АҚЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Акция барысында Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамбаш көлінің жағасында және қаладағы арнайы бөлінген мөлтек аудандар, қалаға кіре беріс аймақтар мен көшелер, лас-қоқыстан тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен тиісті қоқыс қалдықтарын тастайтын орындарға жеткізілді. Қызу тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысқан тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлері ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан тазалық акциясы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.