АРАЛ АУДАНЫНДА «Birge Taza Qazaqstan» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сондай-ақ, Кәрібөгет көпірінің маңы лас-қоқыстан тазартылып, су айдындарына қоқыстарды бей-берекетсіз тастамау жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудан көлемінде ұйымшылдықпен өткен тазалық акциясы алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Себебі, бұл акция су жағалауларындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту – баршамыздың басты міндетіміз десек, Сіздерді қоршаған ортаны қорғауға, оның тазалығын сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!